АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]Әйелдер үшін зейнетке шығу жасы ұлғаяды[:]

[:kz]

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап елде әйелдердің зейнетке шығу жасы 60 жас 6 ай болды, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Биыл қаңтардан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы 60 жас 6 ай болып белгіленді.

«ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңының 11-бабына сәйкес, әйелдердің зейнеткерлік жасы 2027 жылға дейін жыл сайын 6 айға ұлғайтылып отырады. Бұл өзгерісті жүзеге асыру үшін 2018-2027 жылдар аралығындағы 10 жылда әйелдердің зейнеткерлік жасын 63 жасқа дейін жеткізу жоспарланған. 2021 жылы әйелдер 60 жаста зейнетке шыққан болса, биыл 1 қаңтардан бастап 60 жас 6 ай болған кезде ғана зейнетке шыға алады», — деп жазылған хабарламада. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, әйелдердің зейнет жасын кезең кезеңмен ұлғайту көзделген.

 

Sn.kz порталы

[:]