АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Әйелдерді ұру керек»: Қазақстандық оқытушы желіде жазған жазбасы үшін қызметінен қуылды[:]

[:kz]

Университетте оқытушы болған ер адам сексистік, ұлтшыл және алауыздық тудыратын пікірлер айтқан. Атап айтқанда,  «әйелдерді ұруға болады және ұру керек» деген сөздер айтылған.

 

Жанжал Жас ғалымдар альянсының төрайымы Әсия Ермұхамбетованың Ерлан Сүлеймен екеуінің арасында болған жазбасын желіге жариялағаннан кейін басталды.

Ермұхамбетова Қазақстан президентінің жанындағы ұлттық сенім кеңесінің отырысы жайлы сөз қозғапты. Айтуынша, жиналыста отырғандардың басым бөлігі ер азаматтар көрінеді. Мұны түсінбеген альянс төрайымы статистика бойынша, балалар тәрбиесіне әйелдер жауапты және мектеп ұстаздарының дене шынықтыру пәнінің мұғалімін қоспағанда,  90%-ы әйелдер екенін жеткізіпті. 

Бұған ЕҰУ университетінің профессоры Ерлан Сүлейменов былай деп жазба қалдырған: «Тарихқа көз жүгіртсек әйелдер, тіпті, өздерінің жүктілігін де түсіне алмаған. Қаншасы лайық болса, соншасы жиналысқа шақырылды».

Сөз таластыру барысында ол өзінің «исламшыл» (көп әйел алып, оларды ұру керек, жиһадшы, гомофоб және жидофоб) екенін айтыпты. 

ЕҰУ сайтында Ерлан Сүлейменнің химия ғылымдарының кандидаты, PhD докторы, қолданбалы химия институтының басшысы екендігі көрсетілген.

«Этика жөніндегі комиссия оның әрекетін адам мінез-құлқының стандарттарына сәйкес келмейді деп таныды. Осы комиссияның ұсынысы бойынша ректордың бұйрығымен Ерлан Сүлеймен қызметінен босатылды», — делінген университеттің ресми сайтында.

Еуразия ұлттық университетінің қолданбалы химия ғылыми-зерттеу институтының директоры Ерлан Сүлеймен қызметінен кетті. Ол желідегі мәлімдемесі әлеуметтік желілерде наразылық тудырды.

Университетте оқытушы болған ер адам сексистік, ұлтшыл және алауыздық тудыратын пікірлер айтқан. Атап айтқанда,  «әйелдерді ұруға болады және ұру керек» деген сөздер айтылған.

 

Жанжал Жас ғалымдар альянсының төрайымы Әсия Ермұхамбетованың Ерлан Сүлеймен екеуінің арасында болған жазбасын желіге жариялағаннан кейін басталды.

Ермұхамбетова Қазақстан президентінің жанындағы ұлттық сенім кеңесінің отырысы жайлы сөз қозғапты. Айтуынша, жиналыста отырғандардың басым бөлігі ер азаматтар көрінеді. Мұны түсінбеген альянс төрайымы статистика бойынша, балалар тәрбиесіне әйелдер жауапты және мектеп ұстаздарының дене шынықтыру пәнінің мұғалімін қоспағанда,  90%-ы әйелдер екенін жеткізіпті. 

Бұған ЕҰУ университетінің профессоры Ерлан Сүлейменов былай деп жазба қалдырған: «Тарихқа көз жүгіртсек әйелдер, тіпті, өздерінің жүктілігін де түсіне алмаған. Қаншасы лайық болса, соншасы жиналысқа шақырылды».

Сөз таластыру барысында ол өзінің «исламшыл» (көп әйел алып, оларды ұру керек, жиһадшы, гомофоб және жидофоб) екенін айтыпты. 

ЕҰУ сайтында Ерлан Сүлейменнің химия ғылымдарының кандидаты, PhD докторы, қолданбалы химия институтының басшысы екендігі көрсетілген.

«Этика жөніндегі комиссия оның әрекетін адам мінез-құлқының стандарттарына сәйкес келмейді деп таныды. Осы комиссияның ұсынысы бойынша ректордың бұйрығымен Ерлан Сүлеймен қызметінен босатылды», — делінген университеттің ресми сайтында.

 Stan.kz ақпарат агенттігі.

[:]