[:kz]
Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Ақтау ауылында бұрынғы әйелі мен екі кішкентай қыздарын өртеп жіберген ер адамға қатысты сот процесі аяқталды. Сот айыпталушы Серік Кафизовке 45 миллион теңге моральдық және 3 миллион теңге материалдық шығын төлеу туралы үкім шығарып, өмір бойына бас бостандығынан айырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы uralskweek.kz-ке сілтеме жасап.
Істі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бақыт Ермаханов қарады.
«Сотталушы психикалық сау адам деп танылды. Ол өмір бойы бас бостандығынан айырылды, өйткені сотта ол бұл қылмысты жоспарлағаны анықталды — алдын-ала бензин сатып алды, машинаны анасының үйіне апарып қойды, телефонның жадын тазартып, оны көлікте қалдырды. Сонымен қатар, сот үкіміне бұл қылмыстың ерекше қатыгездікпен жасалғандығы, қаза тапқандарға барынша азап шегу және сот кезінде сотталушының мінез-құлқының цинизмі әсер етті», – деп түсіндірді судья .
[:]