[:kz]
Осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілерде әйелін қорлаған ер адамның видеосы тараған еді. Белгілі болғандай, оқиға Қызғызстанда болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Akipress-ке сілтеме жасап
Видеодан иығына көлік дөңгелектері ілінген әйел адамды оның үстіне қайта-қайта шелек су құйып, бетінен аяусыз ұрған ер адамды байқауға болады.
Кейінірек жәбірленуші полицияға арызданған және бұл факт Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің 144-бабы («Азаптау») бойынша қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізіліміне тіркелген.
Ер адам Созақ АІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басылымның ақпарынша, 15 маусымда Әйелдер және гендерлік даму жөніндегі ұлттық кеңестің отырысы өтеді, онда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты осы жағдай қаралатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін алматылық арудың жігіті аяусыз ұрғанын айтып, жұрттан көмек сұрағаны туралы жазған едік. Ол әлеуметтік желідегі хабарламасында өз өмірі үшін алаңдайтынын жеткізген. Сондай-ақ, ол өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында сүйіктісі тек ұрып қана қоймай, телефоны мен ақшаларын тартып алатынын мәлім еткен.
[:]