АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Әйелінің жартылай жалаңаш суретін көрсеткен танымал әнші сынға қалды (фото)[:]

[:kz]

Кеше ғана әке атанған «Алл — Давай» тобының әншісі Шоқан Маратұлы желідегі парақшасында әйелінің жартылай жалаңаш суретін жариялаймын деп оқырмандардың қатаң сынына қалды.

 

«Достар, айтылып жатқан жылы тілектеріңіз бен құттықтауларыңызға рақмет! Өз кезегімізде біз сіздерге бар жақсылық пен бақытты, әрі дендеріңіздің сау болуын тілейміз!», — деп жазған ол сурет астына.

 

 

Желі қолданушылары Анельдің кіндігі көрініп тұрған суреті мұсылман әйеліне жат екенін жазып, мыңдаған оқырманның алдында мұндай сурет жариялау ерсі көрінетінін айтты.

 

«Ұят — ай, кіндікті ашқансы несі?!», «Мұсылман әйелі кіндігін ашпайды. Бар денесін көрсеткені несі? Әкесі, бауырлары қарамай ма?»,» Не сурет мынау? Намыссыз деген теңеу текке айтылмаған, өз əйелінің тəнін жарнамалау! Басқа сурет қойып та,сүйінші сұрауға болады ғой»,- деп жазған өкпелерін желі қолданушылары.

 

Еске салсақ, Шоқан Маратұлы отандық миллионер Райымбек Баталовтың қызы Анель Баталовамен шаңырақ көтерген.

 

 

nur.kz

[:]