АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Айғайламай-ақ, ешкімге міндетсінбей-ақ, мен «алты бала тудым» демей-ақ дамып отыр[:]

[:kz]

Жапондардың жаны сірі екен. Біз 1 минутқа жетер-жетпес жер сілкінісін сезгеннің өзінде қандай боламыз? Табанымыздан бастап, құйқамызға дейін ток жүріп өткендей, шымырлап кетеді. Ал олар жыл сайын, тіпті жылына қанша рет жойқын тайфунды бастап өткереді. Осы жолғы «Хагибис» тайфуны салдарынан 58 адам жан опат болды. 210 адам зардап шегіп, 14-і іс-түссіз жоғалып кетіпті. Бұл әзір белгілі болғаны ғана…

Неге екенін білмеймін, өз басым жапондарды іштей жақсы көрем. Өте еңбекқор болған соң ба… Әлде ешкімге соқтығыспай, өздерін-өздері дамытып, онда да осындай табиғи климаттық жағдайда отырып, әлемнің көшбасшысы болып отырғаны үшін бе… Әлде Әлихан бастаған алаш көсемдері жапондарды үлгі тұтқаны үшін бе… Білмеймін, әйтеуір жақсы көрем. Арманым — Жапонияны бір барып көру…

Міне, бүгін осындай жағдайды басынан кешіріп отыр…

Біз білетін Жапонияның негізгі төрт аралы ғана: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку және Кюсю. Негізінен ол байғұстар 4 емес /ол үлкендері ғана/ 6852 аралдың үстінде отырады екен ғой. Елестетіп көріңізші, астыңыздағы жер алты мың бөлек, ол шындап келсе, алты мыңға айрылып кетеді деген сөз. Сөйтіп отырып, олар білімдерін жетілдіріп, айғайламай-ақ, ешкімге міндетсінбей-ақ, мен «алты бала тудым» демей-ақ дамып отыр. Осындайға шыдап отыр. Ал біз ше?

Шүкіршілік етейікші!

Mариям Абсаттар

Фейсбуктегі парақшасынан

 

[:]