[:kz]
«Желтоқсан рухы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Талғат Рысқұлбеков Facebook желісінде Айгүл Орынбекке қатысты өз ойын ашық жазды. Оған танымал заңгердің орамал мәселесін қозғаған Білім министрі Асхат Аймағамбетовке айтқан сөздері ұнамай қалған секілді.
Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
“ Жарықтық Мағжан Жұмабаевтің мына Айгүл Орынбек сияқты не қыз емес, не қатын еместерге (көршімнен; -Не айқай, күйеуің мас па? ,-деп сұрасам, мас емес, жәй «масаңдау»,-деп жауап бергеніндей, бұл да сол «қыздааау-ау»,-деймін…) айтқаны, не деген көрегендік еді десейші…
Қиядан сөз табатын ақыл бар ма,
Тыңдайтын бойым балқып нақыл бар ма?
Есіл сөзім есепсіз босқа кетсе,
Обалы, жаулығы жоқ қатындарға!»
Бұған менің қосарым;
Шайтанға шырмалғанша, Айгүл қыз-ааау.
Қатын боп бір еркекке тисең етті…
Орамал таққан емес, транстар бұзды-ау,
Тырнақ өсіріп, әпшу пішіп, ашып көтті…”, — деп жазба жариялады Рысқұлбеков
Еске салсақ, кеше Асхат Аймағамбетов мектепте орамал тағу мәселесін қарастыру туралы сөз қозғаған болатын. Бірақ ол сөзге көпшілік қарсы шықты. Ал Айгүл Орынбек «қолыңыздан келмесе отставкаға кетіңіз» деген болатын.
Желі оқырмандары: «Дұрыс айтасыз»,»Бірақ бұл әйел мықты әйел ғой»,»Бұндайлар байға тимейді»,»Ұзаққа бармайды»,»Төреші Алла, ешкім біреудің атынан үкім шығармасын»,- деп пікір жазды.
[:]