[:kz]
Ал бір-біріне рөл ұсыну арқылы бартер жасасқан жігіттердің әрекетін әзілкеш Мейіржан қолдамайды.
Таяуда ғана кинопродюсерлікке қадам басқан Айқын, отандық шоу-бизнестегі тағы бір құпияны ашты, деп хабарлайды Shownews.kzке сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы
Әншінің айтуынша, киноөндірісте бартер деген ұғым белең алған. Мәселен, былтыр «Ұлы дала комедиясында Төлепберген бой көрсеткен еді. Бұл жолы Айқын өзі таспалап жатқан «Операция гүлдер» фильміндегі шағын рөлге атышулы Төреғалиді шақырған.
«Мен Төрештің киносына түскеннен кейін, енді ол менің фильміме түсті», – дейді Айқын.
Ал бір-біріне рөл ұсыну арқылы бартер жасасқан жігіттердің әрекетін әзілкеш Мейіржан қолдамайды. Өйткені Төребаевқа тамыр-таныстықтан гөрі сәтті образ маңызды.
«Бізде алыс-беріс деген түсінік жоқ. Актер жағын режиссер өзі шешеді. Кейіпкердің түр-әлпеті келіп тұрса алады, келмей тұрса, қанша жақын дос болса да бауырым, кешір, сені қабылдай алмаймыз деп айтасың», -дейді Мейіржан Төребаев.
Отандық шоу-бизнестегі әншілер қауымы, телеарналарға тәуелді. Көгілдір экран қызметкерлері мен өнер өкілдері де бір-бірімен бартер арқылы бітімге келеді.
«Бізді кейбір телеарналар концерттерге ән айтуға шақырады. Сәйкесінше аталмыш арналар біздің бейнебаянды тегін айналдырып береді», – дейді Бейбіт Көшқалиев.
Ал Арман Дүйсенов болса, той жүргізген табысын, шетелдегі демалыстың жолдамасымен айырбастаған.
«Бір ағамыздың тойын кереметтей қылып жүргізіп бердім. Есесіне ол кісі бізді отбасымызбен түрік еліне 10 күнге демалысқа апарып келді», – деп ашығын айтты Арман Дүйсенов.
Бұл шоу-бизнес өкілдер арасында бұрыннан бар үрдіс екен. Мәселен композитор Бауыржан Есебаев та, кезінде Қайрат Нұртасқа «Ауырмайды жүрек» әнін бартер арқылы бағалаған.
«Ауырмайды жүректі егер ұмытпасам, 500 долларға саттым. Сосын Гүлзира әпкеге, Шымкентте бір тойыма кіріп беріңіздерші өтініш жасадым», – дейді композитор.
[:]