АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]Айқын Төлепберген 4 баласына да Алматыдан пәтер алып қойған[:]

[:kz]

 

Айқын Төлепберген жеке өміріне қатысты қанша сынға қалса да, өзін жақсы әке санайды. Бүгінде 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отырған көпбалалы әке оларды бөліп-жармай, болашағын бірдей қамдап қойғанын айтады. Өнер иесі әр перзентіне пәтер алып қойған.

Бұл туралы Stan.kz НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Үлкен ұлыма үй алып бердім. Балаларыма жасаған ең үлкен сыйлығым сол. Төртеуінде де Алматы қаласынан пәтер бар», – деп ағынан жарылды әнші.

Режиссер Жеңісхан Момышев та перзентінің болашағына қазірден алаңдайтын әкелер қатарында! Келешекте қызының каскадер болғанын қалаған ол тұңғышының туған күнін Алматы циркінде дүркірете атап өтті. Ал кішкентай Зеренің тұсауын «Nomad Stunts» каскадерлер командасының директоры Жайдарбек Күнғожинов кескен еді.

«Циркте каскадер болады деген ойдамын. Бізде ауыл жоқ қой. Кішкентай кезінен атқа мініп, сол жерден атқа отыруды, гимнастиканы, бәрін сол жерде білсе деген мақсатым», – дейді ол.

Динара Сатжан да кенжесі Дианананың әр туған күнін үлкен мерекеге айнылдырады! Ханшайымын кішкентайынан сән әлеміне баулыған ол қызына бағалы брендтік киімдерді тарту етеді.

Бағалы смартфон, түрлі гаджеттер! Алан Черкасов қазіргі заман талабына сай өмір сүру үшін, балалардың да трендтен қалмауын құп көреді. Одан бөлек, шоумен қызы Арнелаға да қымбат киім үлгілерін сыйлап тұрады екен.

«Бірақ балаларымызды еркелетсек, үлкендер қатты сынап жатады. Мен түсінемін, олардың заманы мүлде басқа болған. Бірақ қазір 21-ші ғасырда барлығы қолжетімді, сондықтан неге балама ең қымбат киім алып бермеске?» – дейді шоумен.

[:]