АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Айсәуле Бақытбек ішкі істер министріне үндеу жолдады (видео)[:]

[:kz]

Продюссер Баян Мақсатқызының қызы Айсәуле Бақытбек өзінің Instagram парақшасында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғынбаевқа үндеу жолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 
 

Бейнежазбасынла танымал ару елде нәзік жандыларды зорлау мәселесі өршіп тұрғанын баяндаған.

«Достар менің бүгінгі үндеуім ішкі істер министрі Ерлан Тұрғынбаевқа және заңға өзгертулер енгізуге жауапты тұлғаларға арналмақ. Бәлкім бұл видеоны президенттің өзі көріп, елдегі ахуалды біле жатар…

Аз уақыттан кейін заңда зорлау әрекетін ауыр қылмыстан орта санаттағы қылмысқа ауыстырылуына жиырма жыл толады.

Меніңше ол барып тұрған жабайылық. Баршаңыз топтық зорлау жасап, бар-жоғы екі-ақ жылға орташа режимдегі түрмеге тоғытылған екі жолсеріктің оқиғасын білесіздер, ал бұл дегеніміз олар өздерінің мерзімдерінің жартысын өтегеннен кейін, түрмеден босатылуы мүмкін дегенді білдіреді.

Осындай жеңіл жазаның қалай орын алғанын білмеймін. Сосын барлықтарыңыз еліміздің ең көрікті жері атанған Медеудегі қыз зорлау ісін де білесіздер.

Зорлаған ер адам дәл осы бап бойынша үш мәрте жауапқа тартылған. Оған да орташа режимдегі түрмеде үш жарым жыл уақыт берген. Миға қонымсыз нәрсе», — дейді ол.

Сонымен қатар Айсәуле кейінгі жылдары зорлау оқиғаларының көбейіп кеткеніне күйінген.

«… Күнделікті жаңалықтарды оқыған сайын, осы сипаттағы оқиғаның куәсі боламын. Не себепті мен мұндай үндеуді Instagram арқылы жариялап отыр деп ойлайсыздар?

Себебі шыны керек құқық қорғау органдарынан көңіліміз қалған. Оның дәлелі сол орган өкілдерінің бірінің менің көлігімнің соңына түсіп, ондағы қызметкердің маған «көз салуы» болды.

Ол кезде жолдасым шетелде болған еді. Яғни біз арулар погоны бар жандардың жанында өзімізді жайсыз сезінеміз, олардың алдында дәрменсізбіз. Сол сәтте мен жарыма хабарласып, телефон тұтқасын жаңағы қызметкерге ұсындым.

Ол болса сол жерде сөзінен тайқып шықты. Яғни біз қыздар өз елімізде дәрменсіз болмауымыз шарт. Жалпы мен әйелдерді қорғансыз адам деп ойламаймын. Мен өз елімде бізді тек жан жарларымыз ғана емес, жалпы осы еліміздің азаматтары қорғаса екен деймін. Сөз соңын Нұрсұлтан Әбішұлының сөзімен аяқтасам деймін.

«Әйел болу тағдыр емес, әйел болып жаратылу керек». Сондықтан ел азаматтары әйелдерге барынша құрметпен қарап, оларға зорлық-зомбылық көртеспесе екен деймін», — деп үндеуін аяқтаған ол.

Желі қолданушылары өз кезегінде Айсәуле Бақытбектің пікірін қолдай жөнелген.

Олар: «Бәрі өте орынды айтылған», «Келісеміз», «Жарайсыз», «Дұрыс айттыңыз», «Заңға өзгерістер енгізу керек» деген пікірлерін жарыса жазуда.

 
  

[:]