[:kz]
Айсәуле Бақытбек беташар мен құдалық кезінде келіндердің халат пен үй аяқ киімін киіп шығатынына шүйлікті. Отандық танымал продюсердің қызы жар атанған арулардың дәл осы образын кім және не үшін ойлап тапқанын түсінбей әлек деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Алагөзованың тұңғышы ұлттық салт-дәстүр кезінде қазақ келіндерінің киіп шығатын киіміне қарсы шықты. Айсәуле Бақытбек Instagram желісінде жаңа отбасына енді ғана қадам аттаған қызға халат пен үй аяқ киімін кигізуге наразылығын білдірді.
«Маған осы екі сұраққа жауап керек.Беташар мен құдалықтар кезінде келіндерге не үшін міндетті түрде халат пен үй аяқ киімін кигізеді. Оны ойлап тапқан кім өзі? Және адамдар бұл жайтқа қалайша қолдау білдіреді? Түсіне алар емеспін. Не үшін» , — деп өз жанайқайын жеткізді танымал ару.
Желі қолданушылары Айсәуленің бұл сауалына жарыса жауап берген. Көпшілік қазіргі аңда барлығы дерлік мұндай образды таңдамайтынын айтуда. Қыз-келіншектердің көбісі беташарында әдемі көйлек кигенін жазды.
Айта кетейік, атышулы продюсердің қызы да осы жылдың наурыз айында тұрмысқа шығып,келін атанған болатын.
[:]