[:kz]
Әлеуметтік желіде Елбасының жиені Айсұлтан Назарбаев Кеңсай-2 зиратына жерленді деген ақпарат тарап жатыр.
ERNUR.KZ. Бұқаралық ақпарат құралдарында Елбасының жақында қайтыс болған жиені Айсұлтан Назарбаевтың Алматыдағы Кеңсай-2 зиратына жерленгені туралы ақпарат тарады. Сонымен қатар зират аумағында жерлеу рәсіміне дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқаны хабарланды, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Алайда Кеңсай-2 зираты 20 тамызға дейін жабық болады. Себебі карантиннен кейін санитарлық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл зиратқа ел танитын тұлғалар жерленген.
Олардың қатарында Дінмұхаммед Қонаев, Батырхан Шүкенов, Ғабит Мүсірепов сияқты танымал адамдар бар.
Соның ішінде Айсұлтан Назарбаевтың атасы Мұхтар Әлиев те осы зиратқа жерленген. Тілшілері 18 тамызда зиратқа барды.
Алайда ішке кіру мүмкін емес, себебі күзетшілер зират аумағына ешкімді аттап басқызбайды. «Тазалық күні! Бейбенбіге дейін зират жабық болады, ешкімге кіруге болмайды», — деді зират күзетшісі.
Күзетшінің айтуынша, санитарлық жұмыстар карантиннің аяқталуына байланысты жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, кеше және бүгін жерлеу рәсімдері өткізілмегенін айтты.
Зират «Салттық қызметтер көрсетудің арнаулы комбинаты» ЖШС-ға қарайды. Компания да зираттың 20 тамызға дейін жабық болатынын растады. «Бейсенбіге дейін зиратқа кіруге болмайды. Қазір тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Мұндай күндер жиі болмайды, алайда карантинге байланысты осындай шешім қабылдадық», — деді компания өкілдері. Айта кетейік, 16 тамызда Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында Қазақстанның тұңғыш президентінің жиені Айсұлтан Назарбаев қайтыс болды
[:]