АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Айсұлтанның айтқаны Тоқаевтың күшеюіне әкеледі – Әзімбай Ғали[:]

[:kz]

Биліктегі күрес ең жоғары сатысына көтерілді.

Айсұлтанның «Менің әкем — Нұрсұлтан, шешем Дариға» дегені Елбасына саяси және моральдық соққы екені айқын, деген ой тастады желіде ойшыл ғалым Әзімбай Ғали.

Оның пайымынша, биліктегі Елбасы позициясы шайқалған тұста ол үйдегі бас қожайын ретінде бәріне де күш таныту керек. Басқа жағдайда оның ісі насырға шабады.

Жалпы, қалыптасқан жағдай биліктегі Нұрекеңнің Елбасы ретінде саяси позициясының әлсірегенін көрсетеді, — дейді саясаттанушы.

— Қалыптасқан жағдай биліктегі пиар-технология қолданылғанын көрсетеді. Биліктегі күрес ең жоғары сатысына көтерілді. Бұл жағдайда объективті саяси бағыт Тоқаев жақтастарының күшейуіне әкеледі. Егер де Назарбаев шұғыл және пәрменді күштік әрекеттер жасамаса салтанатты түрде зейнетке кететіне күмән жоқ. Өзімнің позициям: бәрі дұрыс бағытта келе жатқанға ұқсайды. Олай болса ертеңгі күн бүгінгіден жарқын болсын, — деп қайырды ол.

zakon.kz

 

[:]