[:kz]
Отандық танымал режисер Ақан Сатаев заңды әйелімен ажырасып кетті. Бұл туралы кино маманының өзі әлеуметтік желі арқылы хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ. Ақан Сатаев ресми түрде ажырасқанын мәлімдеп, халықты таңғалдырды. Көпке үлгілі болған жұп бұдан былай ерлі-зайыпты емес. Бұл хабарды режисердің өзі Instagram парақшасында хабарлады.
Ол әйелі екеуіне қатысты жантебірентерлік жазба қалдырып, оған деген алғысы мен сыйластығын білдірді.
» Ассаламағалейкум, құрметті достар! Біз Назира екеуміз түрлі болжамдар мен қауесеттерге жол бермес үшін осы жерде жеке өміріміздегі маңызды өзгерістер туралы өзіміз ресми түрде айтуды шештік. Сіздер барлығын түсініп, бұл мәселеде жеке кеңістігімізге сыйластық танытасыздар деп сенеміз. Бірге өткізген жылдар, қиыншылықтар мен бақытты сәттерге толы ортақ жолымыз, бес баламыз, отбасы құрғанымыз, қолдау, махаббат пен түрлі сынақтарды еңсергеніміз үшін бір-бірімізге деген асқан сыйластықпен, жақсы достық қарым-қатынасты сақтай отырып біз айырылысып, ажырасып кеттік.
Біз енді ерлі-зайыпты емеспіз. Алайда, балаларымыз үшін сүйікті ата-ана болып қала бермекпіз. Назира екеуміз жақын дос болып, бір-бірімізге жаратушы нәсіп еткен қалған өмірге батамызды бердік» , — деп жазды Ақан Сатаев. Ұқсас жазбаны режисердің жары Назира Бақаева да жариялап қойған.
Ол да жолдасына деген асқан сыйластығы мен алғысын жеткізді.
[:]