[:kz]
Ақан Сатаев жары Назира Бақаевамен ажырасқанын жақында жариялаған болатын. Балаларының анасы, экс-келіншегі жайлы біз не білеміз?
Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы тілшісі анықтап көрді.
Назира Бақаева 1973 жылы 13 маусымда өмірге келген. Актриса бас-аяғы екі фильмге түскен. Оның біріншісі 1992 жылы — «Қоштасқым келмейді» атты мелодрамма.Фильмде Мейрамбек Беспаевпен басты рөлді сомдаған.
Жалпы Назира Бақаева әлеуметтік желілерде өте белсенді және өзінің жеке сайты бар. Балалары, ата-аналары және жеке өмірін инстаграм әлеуметтік желісіне жиі салып отырады
Қазіргі таңда бес баланың анасы. Психолог. Осы уақытқа дейін экс-жолдасы Ақан Сатаев кино әлемінде жүрсе де, фильмдерде төбе көрсетпей бала тәрбиесіне көңіл бөліп, үй шаруасындағы әйел міндетін атқарды.
Бір кездері Назира Бақаева хиджаб киген, Алайда соңғы уақыттарда инстаграм әлеуметтік желісінде хиджабсыз түскен, шашының түсін өзгерткен суреттерін байқап қалдық.
Қазір Назира ханым «Бала және ата-ана» атты семинардың психологы.
Дегенмен көпшілік танымал жұптың не үшін ажырасып кеткенін сан саққа жүгіртуде. Көпшілігі бір кездері орамал таққан актриссаның соңғы кездері имиджін өзгертуі себеп болуы мүмкін десе, енді бірі басқа пікірлер айтады.
[:]