[:kz]
Қоғам белсендісі Бурахан Дақанов Ақан сері Қорамсаұлының жатқан жеріне барып, зиратының қараусыз қалғанын айтты, деп хабарлайды «Адырна».
«Серінің басына келгенде шынымен көңілім түсті. Сері, сері деп атын айтып, кітапқа атын жазғанда, өлеңдерін айтқанда, баламызға атын қойғанда сондаймыз. Ал зиратына келсек, не шырақшысы жоқ. Не бір дем алып, керек болса түнейтін бірдеңесі жоқ. Тым болмаса дәрет сындыратын дәретханасы да жоқ. Құлпытасын ыңғайсыз жасап қойыпты, жақындауға мүмкіндік жоқ, сыртына жаңа құлпытас орнату керек. Оның үстіне маңындағы ауылдары да босап барады екен. Адамы да аз, жайылған мал да аз… Қысқасы, орман көлі көп Тереңкөл, Мәдениет, Жұмысшы ауылдарына тез арада жаппай адам көшіріп, мына жақтан ат спорты федерациясының бірдеңесін жасау керек. Ырымшыл, мақтаншақ халықпыз, сол ырымшылдықты пайдаланайық. Құлагер шапқан, иесі жатқан мына қасиетті мекенде әлі де талай шабандозды, ұшқыр тұлпарларды тудыруға болады. Мен оған сенемін»,– деді ол.
[:]