АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ақбота Керімбекова: Сиви өзі хабарласып, әнші емес екенімді білемін деп жылады[:]

[:kz]

Ақбота Керімбекова мен Сиви Махмұдидің арасындағы дау қайта өрши түсті. Керімбекова әлі де айтқан ойынан қайтпайды. Ал Сиви оның сөзін теріске шығарды. 

Бұл туралы Ойбай шоуда айтылды. 

Ақбота мен Сивидің арасындағы дау тынышталғанымен, күні кеше қайта тұтанды. Бұған дейін сұхбаттарының бірінде Керімбекова Сивиді әнші деп мойындамағанын айтқан болатын. Бұған Сиви ренішін білдірді. Араласып жүрген адамның бұл қылығын түсінбей дал болды. Ал Керімбекова өз пікірім үшін ақталуға міндетті емеспін дейді. 

«Менің шындығым елге жақпайтын болған. Бір тақырыпты қайта-қайта қозғағым келмейді, бірақ айтылу керек болып тұр. Мен не себепті өз ойым үшін ақталу керекпін? Не үшін мен Сивиді тыңдауым керек? Не үшін мен оны кәсіби әнші деп мойындауым керек? Ұнамайтын нәрсені не себепті ұнайды деуім керек? Сивидің кәсіби әнші емес екенін айттым. Себебі солай. Мен үшін ол әнші емес. Кәсібилік тұрғыда айтып жатырмын. Адами тұрғыды айтып жатан жоқпын. Сивиді адам ретінде сыйлаймын. Сивиден бұрын әке-шешесіе сыйлаймын. Ол кісілермен талай уақыттан бері аралас-құралас болдық. Жақсы адамдар деп айта аламмын. Сиви журналист. Ол әнші мамандығында, өнерде оқыған жоқ. Егер оқыса, мұндай сынды көтере алатын еді. Себебі бізді оқытқанда «сен ешкім емессің» деп оқытты. Біз өзіміздің ешкім емес екенімізді білеміз. Мен бәріне бірдей ұнай бермейтінімді білемін. Мені ұнатпайтын, әнші емес деп есептейтін адамдар барын білемін. Ол үшін ренжімеймін. Неге мені әнші емес деді деп өкпелемеймін. Әркімнің өз тыңдарманы бар, әркімнің өз таңдауы бар. Асхат Тарғынның, Абай Бегейдің, Сивидің өз тыңдарманы бар. Мен айтты екен деп тыңдарманы оларды тыңдамай кетпейді ғой», — деді Керімбекова.

Ақбота осы даудан соң Сивимен жеке кездесіп, дастархандас болмаса да бірауыз түсіндірген екен. 

«Сивидің өзі хабарласты. Неге мені солай айтасыз? Мен өзімнің әнші емес екенімді білемін деп жылады. Мен оның жеке басына тиетін, намысына тиетін сөз айтқан жоқпын. Соны түсіндірдім. Мұрнымды кесіп алсаң да мен үшін кәсіби әнші емессің деп айттым. Аяғың қисық, мұрның дәу деп жатқан жоқпын ғой. Кәсіби тұрғыда әнші емес екенін айттым. Әлі де айтамын. Қазір жұрт кімнің кім екенін айыра алмайты болған. Елдің бәрі әнші бола берсе, кім мұғалім болады? Кім дәрігер болады?», — деді ол. 

Стамбұлда жүрген Сиви бұл әңгімеге тағы пікірін білдірді. Айтуынша, Керімбекова өтірік сөйлеп, өзін ақтап отыр. 

«Құрметті достар! Сіздерге тағы да өз ойымды айтуға тура кеп тұр. Ақбота Керімбекованың сұхбатын көрдім. Хайп үшін рахмет. Бірақ мен ол айтқандай жылаған емеспін. Құдай жылатпасын. Мен «өзімнің әнші емес екенімді білемін» деп те айтқан емеспін. Бұл кісінің неге өтірік айтқанын түсінбедім. Ешкімге ренжімеймін. Бұл тақырып жабулы күйінде қалу керек еді. Өзара шешуіміз керек еді. Мен сізді Алла разылығы үшін кешірем», — деді Сиви.  

[:]