[:kz]
Бұл туралы «Дау Дамайсыздың жүргізушісі Жазира Бегалы өз инстаграм парақшасында жазды
«Әке-шешем солай мені тәрбиелеген. Мен ұлдарымды ұрып, таяқпен тәрбиелеймін. Қалай тәрбиелеймін, өзім білемін. Ешкімнің шатағы болмасын»,- депті бала-шағасын жұдырықтаған әке. Таңертең үш баланың анасы Махаббатпен сөйлестім. Кеше түнгі 12-ге дейін тергеушілер балалар мен әйелден жауап жазып алыпты. Келіншек айғақ ретінде телефонын да полиция бөлімшесінде қалдырыпты.
Ал өзінің ұлдарын аяусыз ұрғанын дұрыс деп есептейтін әке балалары мен жұбайынан кеше кешірім де сұрамағанын естіп, жағамды ұстадым. Келіншекке видеоға неге түсірдің деп күңкілдегіштер ,ақыл айтқыштар зіркілдемесін.
4 жыл бойы сол еркектің арақ ішіп, үйінде соғыс ашып, бала-шағасы, әйелін қорлап жатқанын маңындағы ағайын, көршілер қалай білмеген? Яғни ол еркек ешкім естімейтін әдіс пайдаланған.
Анау зілдей жұдырықпен ұрғанда екі баланың біреуі де жылаған жоқ. Видеоны қарап,соған таң қалдым. Себебі олар жыласа, одан да зор таяқтың көкесін жейтінін біледі. Балаларға үрей, қорқынышпен өмір сүру оңай емес. Анасы бұған дейін де ағайын-жұртына шағымданған. Өкінішке қарай басы ауырмаған, балтыры сыздамаған , ол еркектің таяғын жемегендер бұл азаптың қаншалықты азап,тозақ екенін білмейді. Тас түскен жеріне ауыр.
Ұят болады, шыда, балалар әкесіз қалады деп ақыл айтқыштарды сол еркекке бір сабатып алу керек. Басқа айтуға сөз таппай отырмын. Сол татуластырғыштар зорлық-зомбылықтың салдарын, себебін неге ойламайды?
Анасы видеоға неге түсірді, араша түспеді деп ақыл айтқыштарға айтарым, ерінен таяқ жеп, кіші ұлының аузы қанап, жылаған баласын жұбату үшін емізіп отырып, өзі қорқып , жүрегі қан жылаған шеше кешегі кадрларды жасырын түсіруге мәжбүр болғанын айтады .Сондықтан кез-келген анаға перзентінің азаптағанын көру оңай емес. Солай өмір сүру тозақтың отынан азап.
Қазығұрт аудандық әкімдігі арнайы топ құрып, балаларға психолгиялық көмек көрсетпек. Енді құрметті ұстаздар, бізге балалар айтпады, олар көңілді жүрген деп , шәкірттеріңізді мына азаптан құтқарудың орнына «ұрғыш әкені» ақтап шығу ма, түсінбедім. Олардан сіздер әкең қандай адам деп сұрап көрдіңіздер ме?Ең бастысы іс Облыстық Полиция департаменті назарында.
[:]