АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Әкем ешкімге айтпа деді»: Қызылордада әкесінің досынан зорлық көрген жеткіншек туралы жаңа деректер белгілі болды[:]

[:kz]

 

Қызылорда облысында 11 жастағы ер баланы әкесінің досы зорлап келгені анықталды. Бұл сұмдық көрініске баланың туған інісі куә болыпты. Ал әбден қорланған ұл жантүршігерлік оқиғаны көршілеріне жайып салған. Оны естіген көршілері, дереу дабыл қағып, жергілікті полицейге шағымданған. Ең сорақысы, бұл іске әкесінің де қатысы бар екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Еуразия бірінші» арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Дүйім жұртты дүр сілкіндірген оқиға Сырдария ауданының Шаған елді мекенінді болған. Ауыл жұртына бұл жайлы зәбір көрген баланың 5 жасар інісі айтып беріпті. Бүлдіршіннің сөзінше, әкесінің досы үнемі үйге қонып, оның 11 жастағы ағасын зорлап келген. Ең сорақысы бұл жайлы әкелері біліпті. Алайда, досының әрекетін әшкере етудің орнына өзі де үлкен ұлына арагідік жыныс мүшесіне массаж жасатыпты. Оны естіген көршілері, дабыл қағып құзырлы органдардан көмек сұраған.

 

«Лейла апа Нұрлан аға мені зорлады дейді. Қалай зорлады? Әкеңе айт дедім. Бірақ папа аузыңды айырамын деп айтты, ешкімге айтпа деп. Лейла апа папада маған кейде уқала деп айтады. Әкем бір рет болса да істемеді. Бірақ уқаладым. Уқаламасам ұрады, сосын қашам үйден. Анау каналда ұйықтаймын дейді», — деді Шаған ауылының тұрғыны Лилия Галиева.

Бұл қорлықтан әбден мезі болған жеткіншек иен далада қонып жүрген. Көршілерінің сөзінше, балалардың анасы осыдан бірнеше жыл бұрын көлік қағып, қайтыс болыпты. Ал әкесі ішкілікке салынып, балаларының жәрдемақысына күн көріп келген.

Қоғам белсендісі Дина Смаилова қамқоршылық органдарға өкпесі қара қазандай. Айтуынша оқиға 14 қыркүйек күні болған. Алайда, іс тек бірнеше күннен кейін ғана қозғалған. Ең сорақысы дәл осы күні балалардың жағдайын білуге ешкім келмеген. Тіпті қамқоршылық органдары тарапынан да қолдау болмапты. 

«Біздің арнайы сенім телефонына ауыл тұрғындары хабарласып, мектеп оқушысына зорлық жасалған мәлімдеді. Ең қызығы қамқоршылық органдары ешқандай шара қолданбаған. Оқиға 14 қыркүйек күні болған. Көршілері мән-жайды білген соң жергілікті полицейге хабарласқан. Дәл осы тұрғындаорға алғысымызды айтамыз, әйтпесе сұмдық жағдайдың соңы не болар еді?», — деді «Не молчи» қорының жетекшісі Дина Смаилова.

Қазір жеткіншек пен оның інісі балаларды бейімдеу орталығына орналастырыпты. Ал жыныстық әрекет көрсеткен қаскөй қамауға алынған.

«2020 жылдың 23 қыркүйегінде Қызылорда облысы Сырдария ауданында жас балаларды азғындық жолға түсіру фактісін жасады деген күдікпен ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Күдікті ұсталып, Сырдария аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Балалар облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды», — деді Қызылорда облыстық полиция департаментінде.

Елімізде балаларға қарсы жасалатын осындай қорлау фактілері көбеймесе азаяр емес. Биыл сегіз айда кәмелтеке толмаған балалаға қарсы 644 қылмыс тіркелген. Оның ішінде зорлау фактісі 49 пайзыға өскен, 174 бала педофилдердің құрбаны болған.

[:]