АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Әкеме тіл тигізді»: Мұқасан Шахзодаев топтың неге тарағанын ашып айтты[:]

[:kz]

Мұқасан Шахзадаев топтың таралуына қатысты ел аузында жүрген әңгімені жоққа шығарып, өз пікірін білдірді. Мәселе қаржыға емес, көңілге қатысты екенін айтып ағынан жарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Жылқышыбаймен уақыт көрсетеді» бағдарламасына сілтеме жасап.

Айтуынша топты қайта құру үшін араға біраз өнердегі бауырлары келіп, ақылға шақырған көрінеді. Одан бөлек қаржы мәселесіне қатысты да түсініспеушіліктер болған. Бірақ Мұқасан мырза бұның барлығы себеп деуге келмейтінін, көңілге кірбің түсірген бөлек дүние екенін ашып айтты.

«Ол (Нұрлан) менің өзіме, әкеме тіл тигізген. Соған қатты ренжідім. Әйтпесе, ақша немесе басқа дүниеге мән беретін адам емеспін. Ақшаның саны да, өзі де маңызды емес. Бастысы көңіл ғой. Қанша жыл бірге жүрген досың көңіліңе қаяу түсірсе, ол ауыр дүние екен «, — деді Мұқасан. 

Нұрланның томаға-тұйық мінезіне қарап, біреуді жамандайды деу мүмкін емес, сізге ауыр сөз айтқаны қаншалықты қисынды деген жүргізуші сауалына да жауап табылды. Мұқасан досының мінезін жақсы білетінін, жамандыққа қимайтынын жеткізді.

Сахналас серігі бетіне болмаса да, өзгелерге барып өзін, әкесін жамандағанын және сол үшін қатты өкпелі екенін айтты.

 

 

[:]