[:kz]
Асанәлі Әшімов өзі отырған көлікті тоқтатқан полицейден «пара» алған. Актердің басынан өткен бұл қызықты оқиғаны режиссер Есмұхан Обаев берді.
Танымал режиссер Есмұхан Обаев халық әртісі Асанәлі Әшімовтің басынан өткен қызықты оқиғаны еске алды. Актер бірде көлікті тоқтатқан полицейдің ақшасын алып қойған.
«Жақында Түркістанға бардық. Шымкенттің жаңа жолымен 160-170-пен басып келе жатырмыз. Бір ГАИ тоқтатты. Асанәлі алдында, мен көліктің артында отырмын. Содан ол шопырға есікті ашқызбай, полицейді қолымен нұсқап шақырып алды. «Немене әкең өлді ме? Бүгінгі кезек қалай өтіп жатыр? Қанша түсті? Тапқаныңның бәрін әкел» деп еді, полицей сасып қалып, қолындағы бес мың теңгесін бере салды. Асанәлі алды да қалтасына салып алды. «Артта бір автобуспен әртістер келе жатыр. Соларды жақсылап қарап ал. Ұқтың ба?» деді де біз кетіп қалдық. Өмірде полицейден «пара» алған адам жалғыз Әшімов», — деп күлді режиссер Есмұхан Обаев Қазақстан арнасы түсірген Асанәлі Әшімов туралы деректі фильмде.
alashainasy.kz
[:]