[:kz]
Ол қаранәсілді француз азаматына тұрмысқа шыққан екен.
Елорда тұрғыны ата-анасының батасын алмай шетелдікке тұрмысқа шыққан балдызының тағдырын көпшілікке жария етті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Біздің құдаларымыз кіші қызының мектепте жақсы оқығандығын мақтан етіп, ата-анасы оның болашағынан үлкен үміт күтеді. Уақыт өте келе Әнел орта мектепті бітіріп, Алматы шет тілдер институтына оқуға түсті.
Әнел ЖОО бітіргеннен кейін, құдаларымыздан ол туралы сұрасақ, әңгімеден қашқақтауды шығарды.
Көп ұзамай Әнелдің шетелдік азаматқа ата-ана рұқсатынсыз некелескені туралы қауесет тарай бастады. Ол қаранәсілді француз азаматына тұрмысқа шыққан екен. Құдаларымыз бұл жаңалықты көпке дейін қабылдай алмады. Өйткені олар сүйікті қыздарын ата-баба салтымен, туыстардың ортасында ұзатуды армандаған болатын.
Сөйтіп, құдалардың қызы сүйіктісінің жетегінде шет ел асып кеткен. Бұл қайғыны көтере алмаған олар, қыздарының жүзін көрместен өмірден озды», — деп мәлімдеді автор.
Біраз уақыт өткеннен соң, автор Әнелді туыстарының тойында кезіктіреді.
Ол қазір бұрынғы Әнел емес, қатты өзгерген. Ол жездесіне күйеуінің қандай күйге түсіргенін баяндап берді.
«Біз ол кезде жас едік, махаббаттың жетегінде кете беріппіз. Менің екі группаласым да шетелдіктерге тұрмысқа шықты. Олар Франциядан келген жігіттер еді, маған айтқан әр сөзі ертегі екенін сол жаққа аттанғаннан кейін түсіндім. Ессіз ғашық болғанымыз сонша, ата-анамыздың көңіліне қарамай оп-оңай кете салдық.
Әкемнің бұл қайғыны көтере алмай, дүниеден өткенін білемін. Бәрі менің кесірімнен. Өйткені ол тым ерте кететіндей жаста емес еді», — деп Әнел көзіне жас ала бастады.
Автордың айтуынша, үш қазақстандық қыз құлай сүйген азаматтармен бірге шетелге кеткен.
«Бұл ер адамдар Гвинея-Бисаудан екен. Олардың салты бойынша, күйеуі оны әкесіне екінші әйел ретінде сыйға тартыпты», — деп баяндады Әнелдің жездесі.
Алайда ол сол түні ол жерден қашып кетіпті.
«Ол бір жыл бұрын елге оралды, бірақ құжаттары жоқ болғандықтан, базарда сатушы болып, аяққа тұруына тура келді. Бірге барған екі қыздың жағдайынан мүлде хабарсыз екен», — деп автор өз әңгімесін аяқтады.
[:]