АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ақмола облысында 4 адам шіріген картоптың кесірінен көз жұмды[:]

[:kz]

Ақмола облысында тәжікістандық төрт азамат шіріген картоптың кесірінен көз жұмды, деп хабарлайды ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Оқиға бейсенбі күні кешкі уақытта орын алған. Жарқайың ауданының Державинск қаласында 1971, 1975, 1981 жылғы ер адамдар мен 17 жастағы жасөспірім жекеменшік үйдің ауласындағы жертөлеге түскен. Өкінішке орай, олардың үшеуі оқиға орнында көз жұмып, жасөспірім ауруханаға жеткізу кезінде жан тапсырды.

«Үшеуі оқиға орнында көз жұмды. Ал жасөспірім ауруханаға жеткізу кезінде қайтыс болды. Марқұмдар Тәжікістан Республикасының азаматтары болып табылады. Олардың өлімінің алдын ала себебі – шіріген картоп өнімдерінен улану», — делінеді хабарламада. 

Stan.kz.

[:]