АЛТЫНОРДА
Қоғам

[:kz]Ақмола облысында оқушы қыздан есірткіге тәуелділікті тудыратын 200-ден аса таблетка тәркіленді [:]

[:kz]

Ақмола облысында полицейлер тәуелділікті тудыратын дәрілік препараттар сатты деген күдікпен жасөспірім қызды ұстады деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлерінің дерегінше, оқушы «Заклад» облыстық жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында «тауар» үшін кэш жасау кезінде ұсталған. Қыздың сөмкесінен табылған дәрілер апиын қатарындағы препараттарға жататын күшті анальгетик екені анықталған. Мектеп оқушысынан 230 таблетка тәркіленген. «Тәркіленген дәріхана препараты жасөспірімдер мен жастар арасында танымал, өйткені ол энергия деңгейін жоғарылату және көңіл-күйді жақсарту құралы болып саналады. Жастар есірткіге тәуелділік олардың тұрақты қолданылуымен ғана қалыптасатынына сенімді әрі инъекциялық есірткі қолданатын адамды ғана нашақор деп санауға болады деп ойлайды. Алайда бұл препарат героиннің синтетикалық опиаты және оны бірнеше рет қолдану есірткіге тәуелділікті тудырады», — дейді ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Виталий Гудыменко. 

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Сараптамалар тағайындалған. Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкент көшелеріне есірткі таратумен айналысуға шақыратын жарнамалар іліне бастағанын жазған едік. Полиция бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын және іске қатысы барлар іздестіріліп жатқанын хабарлаған болатын. 

kaz.nur.kz

 

[:]