[:kz]
Экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ мектеп мұғалімдерін өзге жұмысқа жегуді тоқтатуды бұйырған еді.
Қайғылы оқиға Атбасар ауданына қарасты Мариновка ауылында 11-сәуір күні болған. Жергілікті «Кокшетау Азия» сайтының жазуынша қазақ мектебіне сенбілікке шығыңдар деген нұсқау жоғарыдан келген.
Сегізінші сынып оқушысы тоққа түсіп бірден қайтыс болыпты. Марқұм отбасының жалғыз баласы екен. Ауыл мектебі о баста оқушыларға қолайсыз жерге салынған-ды. Мектеп іргесінде темір жол тұр. Оны қиып өту үшін жерасты я болмаса аспалы жол жоқ. Мұғалімдер мен оқушылар күн сайын поезд жолынан қорқынышпен өтеді екен. Педагоктар бұл мәселені жергілікті шенеуніктерге айтқан екен. Бірақ оған ешкім назар аудармаған. Қазір оқушының өліміне қатысты тексеру жұмыстары басталып кетіпті.
Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ әкімдерге халыққа кабинет пен көліктің терезесінен қарамай бұқараның ортасына шығуды тапсырған еді. Алайда, Ақмола облысының әкімі Ермек МАРЖЫҚБАЕВ пен Атбасар ауданы әкімі Аманбек ҚАЛЖАНОВ ел ішін аралап үлгермеген сынайлы. Елбасымыз деп ауыздарынан тастамайтын Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫН сөзін елесе мұғалімдерді сабақ уақыты кезінде оқушылармен көше тазалауға шығармас еді.
Фото: «Кокшетау Азия»
Жас Алаш
[:]