[:kz]
Айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияға барған сапарынан зор үміт күтетінін айтты деп жазды turkystan.kz.
«Ақсақалдар араласпай іс бітер ме?! Алла абырой беріп, кездесулер берекелі өтсе екен! Соғыс аяқталып, соңы қайырлы болса екен! Қаны бір, тілі бір, діні бір қазақтың қариясын сыйлап шақырған түрік бауырларымызға Алла разы болсын!» деп жазды Мұхамеджан Тазабек әлеуметтік желіде.
Сондай-ақ ол осы мәтінмен бірге Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркиядағы фотосын жариялады.
Еске сала кетсек, Елбасы Түркия Республикасының Президенті Режеп Ердоғанның шақыруымен Дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталияға барды.
[:]