[:kz]
АҚШ-та көз жұмған қазақстандық Дэвин Айсұлудың асырап алған әкесі Уэйн Тэкабари ұлының неден қайтыс болғанын айтып берді. Оның сөзінше, жеткіншек өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл туралы «Астана» телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жазады.
Жанұя Айсұлуды асырап алған уақытта ол небәрі бір жаста болыпты. Мұрағат суреттерінен Диананың бала кезден сурет салумен айналысқанын және домбырада ойнағанды жақсы көргенін аңғаруға болады.
Ал жасөспірім жаста ол ЛГБТ қауымдастықтың идеяларын қызықтап, белсенді атанып кеткен екен.
Әкесінің сөзінше, жасөспірім соңғы үш жылда қатты өзгере бастаған. Ол өз эмоциясын басқара алмағандықтан, клиникаға емдеуге да жатқызылыпты.
Сондай-ақ, қайтыс болған жеткіншектің әкесі кейіннен Дэвинге айналған Диана бір азаматқа деген сезімінен қайғырып жүрді дейді. Бұл жағдай марқұмды басқа мектепке ауыстырғанда тіпті ушыға түсіпті. Ата-анасының ойынша, осы жағдайлар оны суицидке итермелеген болуы мүмкін.
17 жастағы Дэвин Айсұлу Тэкабаридің жерлеу рәсімі күздің басында болды. Осыған дейін СІМ жасөспірім өлімінің себебі жайлы ешқандай мәлімет бермеген еді. Телеарна ақпаратына сәйкес, шетелдік ата-аналар асырап алатын қазақстандық балалар Қазақстан консулдығының бақылауында болады және екі елдің де азаматтығына ие.
Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстанда өмірге келіп, шетелдіктер асырап алған жеткіншек АҚШ-та көз жұмғанын жазған болатынбыз.
Кейіннен Қостанайда дүниеге келген жасөспірім жайлы тың деректер пайда болды.
[:]