АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]АҚШ-тан келген жанкүйер Димаш үшін Қазақстанда қалмақшы[:]

[:kz]

Отау құруды келешекке ысырып, шығармашылығына мықтап кіріскен Димаштың жанкүйерлері де жұртты таңқалдыруда. Өнерпазға деген шексіз махаббатымен мұхит асқан Патрис, Құдайбергенов үшін тіпті Қазақстанда тұрақтап қалуға да дайын. Алпысты алқымдаған әжей бұл күндері қазақ тілін үйренуді де бастап кеткен…

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

“Welcome to Kz”! Димаштың дәл осы сөздері Патрис Груллионның шекара асып, Қазақстанға келуіне түрткі болған. Жас көрінгенімен, алпысты алқымдап қалған әжей Димаш Құдайбергеновтың адал жанкүйері.

“Әлемнің әр түкпірінде оның музыкасын өте қатты жақсы көретін жандар жетерлік. Димаш бүгінде өзінің музыкасымен жер шарының адамдарын байланыстыруда”, – дейді Патрис Груллион.

Ең алғаш ғаламтор желісі арқылы әншінің видосына тап болған Патрис, өнерпаздың өнерін ғана емес өмірін де терең зерттеуге кіріскен…

“Алдымен оның отбасын зерттедім. Дәстүрлі қазақ отбасы. Димаштың ескі салтты сақтау, әжесінің қолында тәрбиеленуі мені тәнтті етті. Және де мен Димаштың ата-әжесін дәл осындай ұлды тәрбиелегені үшін құрметтеймін”, – дейді Патрис Груллион.

Патрис мұхит асып, Қазақстанға келгеніне еш өкінбейді. Себебі, мұнда оның басты арманы орындалды. Ол Димашты жақыннан көрді..

Кумирін көру мақсатында алдымен Астанаға, кейін Алматыға келген әжей әншінің өнерін қайтадан жақыннан тамашалау үшін Оралға да аттанбақ…

“Мен оның музыкасын жақы көремін. Бұл махаббат қазақ мәдениетін зерттеп, тілін үйренуге себепші болды”, – дейді Димаштың АҚШ-тан келген жанкүйері.

Енді Патрис Груллион Қазақстанда қалуды да қарастырып жүр. Адал жанкүйер, бұл күндері қазақ тілін үйренуді бастап кеткен..

 Stan.kz

[:]