АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]АҚШ-тың ҚЫТАЙҒА ҚАРСЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САНКЦИЯСЫ[:]

[:kz]

 

 

Тайван аралдары мен Оңтүстік Қытай теңізіндегі әскери режим

АҚШ-тың Қытайға қарсы экономикалық санкциясы мен әскери режимдегі сес көрсетуі үдеп барады.

Осыдан біраз уақыт бұрын Аргентинада өткен Үлкен жиырмалықтың G-20 саммитінде АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қытай президенті Си Цзинпидің арасында екі елдің импорттық тауар айналымындағы баж салығы мен экономикалық санкияларды алып тастау бойынша кездесу өткен болатын. Үлкен жиырмалықтың саммитінен кейін АҚШ тарабы өзінің Қытайға қарсы бейтарап ұстанымда бола алмайтынын ашық білдірді. Америка өкіметі Қытайдың 250 миллиард АҚШ долларына бағаланатын импорт тауарларына баж салығын арттырып жіберді. Бұл көрсеткіш жақында ғана 200 миллиард доллар болатын.

Сонымен қатар, АҚШ өкіметі жуық арада Қытайдан келетін импорттың тауарлардың екінші толқынына тағы да жаңа санкциялық пакеттердің дайын екенін ашық айтты. Оның көлемі 267 миллиард АҚШ долларын құрайтыны белгілі болып отыр. Бұл ауырлатылған экономикалық санкциялардан Қытай экономикасы ауыр зардап шегіп, тоқырауға тап болып жатыр. Қытай мен АҚШ тың арасындағы бір жылдық тауар айналымын 740 миллиард АҚШ долларынан жоғары деп бағаласақ, қазіргі екі реттік санкциялар толқыны аз уақыттың ішінде (жарты жылға жетпейтін уақытта) Қытайға орасан шығынды алып келгелі тұр. Мұның салдарынан Қытайдағы мыңдаған кіші кәсіпорындар мен жүздеген ірі корпорациялар жұмысын тоқтатуы да мүмкін, Осының алдында АҚШ-тың тарапынан салынған санкциялардың зардабынан Қытайдағы ІТ технология саласында үлкен компаниялар жұмысын тоқтатты. Қазір ІТ технологиялар саласында қытайда жасалып жатқан жоғары өндірісті микросхемалар мен жасанды интеллекті құрылғылардың жұмыстары тоқтап, эксперттік бақылауға алынды. АҚШ Қытайдың арнайы зерттеулер жүргізетін салалары мен стратегиялық секторларын қадағалап, олардың Жапониямен, Канадамен, Жаңа Зеландиямен, Оңтүстік Кореямен, Тайванмен байланыс жасайтын лоббистік қызметтерінің бәріне тосқауыл қойып жатыр.

Осының салдарынан «Хуавей» мен «ZTE» компаниялары дабыл қағып, Қытайдың ұлттық қауіпсіздігіне зиян келіп жатқанын ашық айтып отыр. Дәл қазіргі уақытта Вашингтон Пекиннің технологиялық әлеуетіне өте күшті соққы жасап отыр. Тіпті тоқтатып тастады десек те болады. Бірнеше бағыттағы экономикалық санкциялардың соққысынан дәл қазір Қытайдың ұлттық қуаіпсіздігіне де орасан зиян келіп жатыр.

АҚШ-тың Қытайға дәл осылай шүйлігуінің астарында бірнеше себептері бар. Осыдан біраз уақыт бұрын АҚШ тарапы Қытайдағы өзге этностардың қуғынға ұшырап, арнайы саяси үйрену лагерлеріне жабылып жатқанын айыптап, оны халықаралық адам құқықтары бойынша нормаларды елемеу деп айыптап, ескерту жасаған болатын. Екінші жағынан, АҚШ тарапы Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» деген ғасырлық жобасының іске асуына мүдделі еместігін ашық айтып, Еуроодақтың бірнеше елдеріне үндеп, Қытайға қарсы санкциялық ұстанымды күшейтуге шақырды. АҚШ тарапы Қытайдың ішіндегі өлкелік автономиялардың барлығының дербестігін қолдап, оларға да араша болуға дайын екенін жеткізіп отыр.

АҚШ қазір Оңтүстік Қытай теңізінде әскери режимді күшейтті. Тайвань АҚШ-тың ықпалына өтті. Айналасындағы мемлекеттер мен мұхиттағы аралдардың көбісіне әскери базаларын орнатып тастады. Тайвань аралдарына АҚШ-тың бірнеше әскери теңіз және қорғаныс күштері орнатылды. Дәл осы тұстан АҚШ-тың Қытайға қарсы әскери операциялары басталуы да мүмкін екендігі болжанып отыр. Алып державлардың арасындағы қиян кескі тартыс АҚШ-ты маңайлаған кейбір кіші елдерге (Тайвань, Вьетнам, Польша, ірілері Түркия, Үндістан) тиімді болып жатқанымен, Үлкен жиырмалықтың экономикасы өрлеген елдеріне (Еуропа елдері, Жапония, Австралия, Канада, Оңтүстік Корея) өндіріс пен технология жағынан кері әсетін тигізіп те жатыр. АҚШ өкіметі дәл осы экономикалық қуаты мықты елдердің барлығын да Қытайдың жымысқы саясаты мен халықаралық саясаттығы кері ұстанымына қарсы тұруға өздігінен мүдделі етіп жатыр. Қытайдың қазіргі халықаралық саясаттағы ұстанымына бұл елдердің барлығы дерлік қарсы шығуда. Олай етпеген жағдайда бұл мүдделі мемлекеттердің барлығының ғылыми әлеуеттеріне, стратегиялық даму секторларына, сауда қарым-қатынастарына, ішкі өндірісіне кері ипмульс келіп отыр. Қытайға бағытталған экономикалық соғыстар Қытайдың авиағарыштық саласына, заманаиу өндірістерінің әлеуетіне де ауыр тиіп жатыр. Осы секторларының барлығы да кезінде АҚШ-тың тарапынан қолдау тапқан. Одан басқа да корпорацияларда дәл қазір айыппұл төлеу мен заңды тексетістер күшіне енген.

Көрші болып отырған алып держава Қытайдан шеттегі жайғасқан елдердің бәрі де қауіптеніп жатқанда, Жаратушым біздің қазағымызға жар болсын! Қытай алып айдаһар, жан жағындағы кіші елдерді уысына алып барады. Қытайдың саудасының өзі әлемдегі үлкен соғыстың нақ өзі. Біз де Қытайдан сақтанайық! Алып айдаһарды тек қана алып күш құлата алады.

Бекболат Қаржан

“Адырна” ұлттық порталы

 

[:]