АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Ақша жоқ, жұмыс жоқ»: Ауған қазақтары тарихи отандарына қайтаруды сұрап видео жариялады[:]

[:kz]

 

Ауғанстанда тұратын этникалық қазақтар билікті тәліптер басып алғаннан кейін тарихи отанына әкетуді сұраған еді. Қазір олардың көбі жоқшылықта өмір сүріп жатыр. Кейбірі жұмысынан айрылғандықтан, азық-түлік алатын қаржылары да жоқ, — деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап. 

«Өзім қазақпын. Қазақстанға баратын ақшам жоқ. Елшілікке де барып көрдім, бірақ ол жақта тізім бойынша шақыратынын айтты. Алайда әлі шақырмады. Біз Мазар-Шәріфте тұрамыз. Жұмыс жоқ. Балалар кішкентай. Елшіліктен шақырту күтіп отырмыз», — деп мәлімдеді Ауғанстан тұрғыны Мұхаммед Назер.

 

Кабул қазақтары жіберген видеодан жергілікті базарды көруге болады. Сатып алушылар көп емес. Ауғандардың айтуынша, елде тауар жетіспейді. Сәйкесінше баға да өскен. Әсіресе, тұтунышылық тауарлар мен жанар-жағармай бағасы қымбаттаған. 

«Жұмыс жоқ, нан жоқ. Жағдайымыз онша емес. Әйелім науқас, қан құсып жатыр. Балаларым бар. Көптеген қиындықтармен соқтығыстық. Өтінемін, бізге көмектесіңіздер», — деді Лал Мұхаммед Жұма Назар.

 

 


Жұмыссыз қалған тұрғындар жан бағу үшін мүліктерін сатып жатыр. Кейбірі қайыр сұрайды. 

«Жұмыс жоқ, ақша да жоқ. Бұл – басты мәселе. Бұрынғы үкімет қандай болса да, тұрғындарда табыс көзі болған еді. Қазір ештеңе жоқ. Қыста бұдан әрі нашарлай түседі. Ауғанстанда қыс суық, жұмыс істеу қиындайды. Қазірдің өзінде де жұмыс жоқ», — дейді Кабул тұрғыны.

Тәліптер Кабулды басып алғаннан кейін елдің басым бөлігінде өз бақылауын орнатты. Ондаған қазақ отбасылары өздерін елден шығаруды сұраған. Ал Қазақстан билігі бұл сұрақтың қаралып жатқанын мәлімдеді. Қазірге дейін Ауғанстаннан 35 қазақ шығарылған. Алайда Сыртқы істер министрлігі ауғанстанда қанша этникалық қазақ бар екені жайлы ақпаратты таратпайды. 
 

[:]