АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ақтауда балалардың ойыны қайғылы оқиғаға ұласа жаздады – видео [:]

[:kz]

Ата-аналар ойнап жүрген балаларды құтқарып үлгерді

 Ақтауда Каспий теңізінің жағасында орнатылған батут қайғылы оқиғаға себепші бола жаздады, деп хабарлайды inaktau.kz.

Ақтаудағы оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Батуттың кенеттен желі шығып, ойнап жүрген балалар құлай бастаған. Видеодан бүлдіршіндердің айғайлап, жылаған даусы естіледі.

 

Сол маңда жүрген ата-аналар дереу қимылдап, балаларды құтқарып қалды.

Еске сала кетсек, осыдан бірнеше жыл бұрын Маңғыстау облысы Қарақия ауданында қатты желден балалар ойнап жүрген батут аударылып қалған еді.  Салдарынан 14 бала зардап шеккен болатын. Олардың барлығы Маңғыстау облыстық ауруханаға жеткізілді, төртеуі жан сақтау бөліміне жатқызылған. Ал жеті жасар қыз ауруханада бірнеше ай бойы ес-түссіз жатып, сол күйі есін жимастан көз жұмған еді.

 

sputniknews.kz

[:]