[:kz]
Ақтаудағы балалар тіс дәрігеріне қатысты дау әлі де басылмай тұр. Дәрігер таяуда қамауға алынған еді. Алайда зардап шеккен баланың анасы одан лицензиясын тартып алуды талап етуде.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Еске сала кетсек, 5 қарашада әкімшілік сот дәрігерді 3 тәулікке қамауға алу туралы үкім шығарған еді. Ол баланың денсаулығына жеңіл зиян келтірді деп танылды.
Алайда арна мәліметінше, баланың анасы сот отырысына қатыспаған және үкімді кейіннен естіпті.
«Мен істің әкімшілік ретінде қозғалғанына келіспеймін. Оны қылмыстық жауаптылыққа тарту керек. Сонымен қатар ол дәрігерді лицензиясынан айыру үшін өтініш жазамын. Мұндай адамдар медицина саласында жұмыс істемеуі керек», — дейді баланың анасы.
Сонымен қатар еліміздегі тіс дәрігерлері қауымдастығының мүшелері де бұл жағдайға қатысты пікір білдірді. Қауымдастықтың жетекшісі Назым Бектұрғанова жас дәрігердің әрекеттерін сынап, «балалармен жұмыс істеу кезінде, жалпы, медицинада бұлай жасауға болмайды» дейді.
Алайда Бектұрғанова елімізде медициналық ЖОО-ларға түскісі келетін талапкерлер психометриялық тестілеуден өткізу тек биылғы жылы енгізілгенін атап өтті. Сонымен қатар мемлекетте медицина қызметкерлеріне арналған психологиялық қолдау қызметі керек, дейді
[:]