[:kz]
Ақтаудағы «Айналайын» балабақшасында осыдан бірнеше күн бұрын шындықты тәрбиешінің басы жарылған болатын. Осы оқиғадан кейін балалардың ата-анасы басшылықтан моральдық шығын мен олардың бұрын төлеген ақысын қайтарып беруді талап етуде деп жазады «Лада»басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Тіпті кей ата-ана басы жарылған тәрбиешіні жақтап шыққан. Олар видеода басы қанға боялған тәрбиешінің арқасында бар шындықты білгенін жеткізуде.»Біздің балаларымыз бәрін көрді. Оқиға көз алдарында өтті. Мен моральдық шығынмен қатар сегіз айға төленген ақыны қайтаруын талап етемін», — деді Әлия Жаналиева.
Естеріңізге сала кетейік, 15 ақпан күні желіде басы қанға боялған тәрбиелеушінің видеосы тарап кеткен болатын.
kaz.nur.kz/
[:]