АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ақтауда өз былығын әшкерелеген тәрбиешінің басын жарған директорға үкім шықты[:]

[:kz]

Ақтауда тәрбиешіге шабуыл жасап, басын жарып қойған жекеменшік балабақшаның директорына қатысты сот үкімі шықты деп хабарлайды «ИнАктау» сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

 

Ақтауда өз былығын әшкерелеген тәрбиешінің басын жарған директорға үкім шықты

Зардап шегуші тәрбиеші. Фото: NUR.KZ

 

«Бұзақы» басшыны 22 баланың ата-анасы сотқа берген.

Талап екіжақты ішінара қанағаттандырылып, директор әрбір ата-анаға 9 мың теңгеден, ал біреуіне 31 мың теңге төлеуі тиіс.

Енді ата-аналар оған келешекте балалармен жұмыс істеуге тыйым салғызуды көздеп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың ақпан айында балабақшадағы балаларға берілетін тамақтың фотосуреттері қоғамдық резонанс тудырған еді – басшылық бар болғаны бір шәй қасық ботқаны қанағат тұтып, онымен қоймай, бір кереуетке үш баладан ұйықтатыпты.

Суретті балалар мекемесінде жұмыс істейтін тәрбиеші желіге жариялап жіберген.

Ал бұл факт директордың наразылығын тудырыпты. Жанжал кезінде балабақша басшысы балалардың көзінше бір стақанмен қол астындағы жұмысшының басын жарған.

Ата-аналар оны сотқа беріп, балаларының осы оқиғада бастан кешкен моральдық шығыны үшін өтемақы талап етті.

  

[:]