[:kz]
«Жігіт жылап, айналадағы адамдардан көмек сұрады. Сосын оны көлікке қинап салды да, бір жерге алып кетті», — дейді куәгерлер
Ақтауда белгісіз біреулердің тапа-тал түсте көшеден бір жігітті ұрлап жатқан сәттері видеоға түсіп қалған. Олар оны жолда автокөлікке күштеп отырғызып алып кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, inAktau.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 20 наурызда 12-ші, 13-ші және 17-ші шағын аудан арасындағы қиылыста болған. Куәгерлердің айтуынша, Hyundai автокөлігі лезде тоқтап, ішінен бірнеше ер адам шығып, жігіттің артынан қуа жөнелген.
«Ерлердің бірі оны ұстап алды. Жігіт жылап, айналадағы адамдардан көмек сұрады. Сосын оны көлікке қинап салды да, бір жерге алып кетті. Жігітке не болары белгісіз. Өйткені, олар оның танысы немесе туысы емес екені анық көрінеді», — дейді куәгерлер.
Ал Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.
[:]