АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]Ақтауда жасөспірімдер жаппай төбелесті (видео) [:]

[:kz]

Куәгерлер Ақтаудағы жасөспірімдердің жаппай төбелесін видеоға түсірді. Оқиға туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық полиция баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 және 28 шағынаудандар арасында болған төбелес туралы хабарлама 13 қазанда сағат 23.38-де түскен. «Маңғыстау облыстық ауруханасына ешкім дене жарақатымен келген жоқ. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша қалалық полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр», — деп хабарлады ведомстводан. Полиция барлық бейнебақылау камералары зерттелетінін, қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Еске салайық, тамыз айының соңында Ақтауда 6-шағын аудандағы № 22 және № 23 үйлер арасында жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды.
www.oinet.kz

[:]