[:kz]
Әлеуметтік желіде жарылыс орнынан жаңа бейнежазбалар көптеп таралуда. Оқиға орнына түнделетіп облыс әкімі барып, құтқару жұмыстарының жүргізілу барысымен танысқан, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Маңғыстаулық танымал видеоблогер Азамат Сәрсенбаев өзінің Instagram парақшасында оқиға орнынан бейнежазба жариялады.
Блогер тәулік бойы қызмет көрсететін «Аянат» дәмханасының емес, оның қапталында орналасқан самсахананың жарылғанын айтады. Кадрда қираған үйінділерді аршып жатқан құтқарушылар бейнеленген.
Құдайға шұкір, қайта «Аянат» дәмханасы жарылмаған. Куәгерлердің айтуынша, дәмхана жанындағы самса пісіріп сататын жер жарылыпты. Әзірге зардап шеккендер жоқ,
Желіқолданушылар «Иә, бұл кафе күндіз-түні жұмыс істеуші еді. Адамдар болмағаны жақсы болған екен», «Мен де полицияда жұмыс істеп жүргенде, түн ішінде осы жерден тамақтанушы едім» деген секілді жазба қалдыруда.
Тағы бір бейнежазбадан облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың оқиға орнында жауапты қызметкерлердің ортасында тұрғанын байқауға болады. Кадрға көз тіксек, құзырлы орган басшылары Ноғаевқа жарылыс кезіндегі жағдайларды түсіндіріліп жатқан секілді.
[:]