[:kz]
Актер Асылхан Төлеповтің кіші ұлы Ақан қайтыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қайғылы оқиға туралы Асылханның ағасы актер Артур Төлепов Instagram-да жазды.
«Асылхан інімнің екінші баласы дүниеден озды. Кішкентай періште, иманың саламат болсын. Біз сені жақсы көреміз», — деп жазды ол.
Асылханның жары Айсұлу да Instagram-да «Ботақаным-ай…» деген жазба қалдырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Артынша ақпаратты Асылхан Төлеповтің өзі де Instagram желісіндегі парақшасында растады.
Асылхан Төлепов — Қазақстандық актер. 2012 жылғы шыққан «Жаужүрек Мың бала» фильміндегі Сартай батырдың ролінен кейін танымал бола бастаған. Ол 2017 жылы отбасын құрған. Бірінші баласының есімі — Алпамыс. Ал екінші ұлы Ақан былтыр дүниеге келген еді.
[:]