АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ақтөбе облысында студент суға батып бара жатқан бүлдіршінді құтқарып қалды[:]

[:kz]

Ақтөбе облысында 19 жастағы студент өзенге батып бара жатқан баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Диапозон» газетіне сілтеме жасап. 

Оқиға 21 сәуірде Ырғыз ауылында болған. Өзеннің жанында ойнап жүрген 5 жастағы бала кенеттен суға түсіп, толқын оны жағалаудан жеті метр қашықтыққа алыстатып жіберген.

 

Суға батып бара жатқан бүлдіршінді 19 жастағы студент Нұржан Рашид көрген. Ол еш ойланбастан көмекке барған. Студент балаға жүзіп жетемін дегенше, ол екі метрге жететін жерге батып бара жатқан. Нұржан баланы жағаға шығарған кезде, ол ес-түссіз болған. Нұржан оған алғашқы көмек көрсетіп, жүрек массажын жасап, есін жинауға көмектескен.

Облыстың төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, Нұржанның дұрыс және уақтылы әрекеттері баланың өмірін сақтап қалды. 

Қазір бала ауруханада дәрігерлердің бақылауында, оның өміріне еш қауіп жоқ.

Нұржан Рашид Жұбанов университетінің екінші курсында оқиды. Қазір төтенше жағдай режиміне байланысты ол үйде қашықтықтан білім алып жатыр.

«Біз бірге болуға және бір-бірімізге көмектесуге тиіспіз. Бұл жігіт оны дәлелдеді. Осындай қиын сәтте көрші отбасын қорқынышты қайғыдан құтқарып қалды», — деп атап өтті ТЖД-де.

 

[:]