АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ақтөбеде хиджабын шешпеген ондаған оқушы келесі сыныпқа көшірілмейтін болды[:]

[:kz]

Ақтөбе облысында орамал таққаны үшін сабаққа жіберілмеген 22 оқушы келесі сыныпқа өтпейтін болды. Оқушылардың ата-аналары аудандық және облыстық соттарға шағымданған, бірақ одан нәтиже шықпаған деп жазады centralasian.org.

22 мамырда Ақтөбе облыстық сотының апелляциялық алқасы Шалқар қаласының тұрғындары Ербол Тұрғанбаев пен Нұрбол Сүйіндіковтің арыздарын қарап, орамал таққан оқушыларды сабаққа жібермеген мектеп әкімшілігінің әрекеті дұрыс екенін мойындады. Сөйтіп аудандық сот шешімін күшінде қалдырды. Шалқар аудандық соты бұл шешімді 2018 жылы 14 ақпанда шығарған.

Билік «діни ақуалы ең ауыр аймақ» деп атаған Ақтөбе облысында ондаған ата-ана балаларының мектепке орамалмен баруына рұқсат алу үшін күресіп жүр. Қазақстан Конституциясында діни наным-сенім еркіндігіне кепілдік берілгенін айтқан олар балаларының өздері ұстанатын дін тәртібімен киінуге қақысы бар деп есептейді.

Мектеп әкімшілігі болса оқушылар білім және ғылым министрлігінің жарлығымен бекітілген бірыңғай форма киюі керек деп отыр.

Тұрғанбаев пен Сүйіндіковтің соттағы өкілі болған бұрынғы судья Ағысбек Төлегенов енді Жоғарғы сотқа шағымданбақ.

sn.kz

Сурет azattyq.org сайтынан алынды

[:]