АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ақтөбеде кондуктор әжеге айқайлап, оны автобустан шығарып жіберді (видео)[:]

[:kz]

Куәгердің сөзінше әйелдің жол ақысын төлеуге ақшасы жетпеген. Бұл туралы Диапозон басылымына сілтеме жасап,  Stan.kzақпараттық агенттігі хабарлайды

 

Түс! Сенің сөмкең далада. Басымды қатырма! Түс!”, — деп кондуктор апаға айқайлап, есік жақты нұсқайды. Әйел болса, балаларына бара жатқанын, сөмкесін алып келуді сұрайды. Бірнеше уақыттан соң, апа автобустан түсіп кетеді.

Басылымның мәліметінше, оқиға орын алған автобустың ішінде адамдар толы болған. Жолаушылардың ешқайсысы үлкен жастағы әйелге жолақысын төлеуге көмектеспеген. Оқиға нөмірі сегізінші автобуста орын алды. “ПАТП”  ЖШС-да қазір тексерістің жүріп жайтқаны айтылды.

“Үлкен жастағы әйел мүгедектігін негізге ала отырып, жолақысын төлемеді. Бірақ оның қолында мүгедектігін дәлелдейтін қағаз жоқ еді Салдарынан екі әйелдің арасында осындай жанжал туды. Осы экипаж істің мән-жайы анық болмайынша жұмысқа шықпайды. Біз қызметкерлердің ешқайсысы қызметкерлерге дөрекілік танытуды қаламаған деп санаймыз. Сонымен қатар, жеңілдік беретін жол ақысымен жүретін азаматтарымыздан, құжаттарын бірге алып жүруін сұраймыз”, — дейді компанияның баспасөз қызметі

Stan.kz

[:]