[:kz]
Жергілікті стоматологияның бірінде Ақтөбе тұрғыны қызды кепілдікке ұстаған. Видеода ер адам құрбанына пышақ сынды бұйымды сұқпақшы болып, өз әйелін әкелуді талап етіп тұрғаны байқалады. Оқиға Ақтөбеде орын алған. «14 наурыз күні Ақтөбенің белгісіз тұрғыны стоматология ішінде 1991 жылғы қызға пышақ нұсқап, сес көрсеткені жайында хабар келіп түсті. Ер адамның қолында пышақ болған. Полиция қызметкерлері қылмыскердің 1993 жылғы жұмыссыз екенін, сондай-ақ 2016 жылы ұрлық жасап, істі болғанын айтты» деп хабарлады Ақтөбе облыстық ІІД. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, 7 наурыз күні әйелімен ажырасқан еркек әйелін сол жерге әкелуді бұйырған. Ақтөбе қаласының Ішкі Істер Департаменті анықтағандай, ер адам бұл жағдай орын алмас бұрын 3 сағат алды күдікті әйелінің төркініне барып, енесіне пышақ сұққан. Әйел адам ауыр жарақат алды. Ал еркек әйелімен кездесе алмаған жағдайда, енесін өлтіремін деп сес көрсеткен. Ақтөбе облыстық ІІД басшысы, прокурорлар, полиция қызметкерлері кепілдегі қызды босату үшін қылмыскермен 5 сағат бойы келісімге келуге тырысқан. Алайда, қылмыскер айтқанына қайтпады. Оқиға орнына қылмыскердің туыстары да келді. Ал ер адам әйелін көрсетпеген жағдайда қыздың өлетінің айтып, өз дегенінен қайтпаған. Оның сөзіне қарағанда, ер адам өз әйелін де өлтірмек болған. Полиция қызметкерлері қылмыскермен келісімге келе алмағандықтан, түнгі 12-лер шамасында күшпен шара қолдануға көшті. Сөйтіп, қылымыскер қолға, тұтқын босатылды. Қуаыншқа орай, еш жері жарақаттанбаған. Алайда, жүйке күйзелісіне ұшыраған. Қазіргі уақытта қыз дәрігерлер мен психологтардың қарауында. Ақтөбенің Ішкі Істер Басқармасының айтуынша, «Қару қолдану арқылы адамдарды кепілге алу» және «Денсаулыққа қасақана зиян көрсету» баптары бойынша күдіктіге қатысты қылмыстық тергеу басталды.
[:]