АЛТЫНОРДА
Қоғам

[:kz]Ақтөбеде орамал таққан оқушылар үшін арнайы мектептің бар екені рас па [:]

[:kz]

 

Ақтөбеде орамал таққан оқушылар жеке «Құнан» мектеп-лицейіне барып жүр. Қаланың ескі бөлігінде орналасқан білім ордасы арнайы орамалды оқушылар үшін ашылғандай. Мектеп алды орамалды оқушыларға толы. Ресми мәліметке сүйенсек, «Құнан» мектеп-лицейіне қазір 363 қыз бала барады.

Онда қыз балаларға арналған арнайы сыныптар бар екені белгілі болды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. Облыстық білім басқармасы өңірдің жалпы білім беретін барлық мектептерінде бірыңғай мектеп формасына қойылатын талаптардың сақталғанын айтты.  «Қалыптасқан эпидемиологиялық  жағдайды ескере отырып, ағымдағы оқу жылында орта білім беру ұйымдарына тек мектеп формасында ғана емес, сонымен қатар іскерлік, классикалық стильдегі ыңғайлы киіммен баруға рұқсат етілді. 2019-2020 оқу жылында «Құнан» жеке меншік мектеп-лицейінде арнайы қыз балаларға арналған кластар ашылды. Қазіргі таңдағы мектеп контингенті 381 оқушы, оның ішінде қыз балалар – 363. Аталған мектепте де мектеп формасына қойылатын талаптар орындалып отыр»,- деп хабарлайды облыстық білім басқармасының өкілі Гүлдана Бакиева.

Ал аталмыш білім ордасына бірнеше рет барып, мектеп басшысымен тілдеспек болған әрекетіміз сәтсіз аяқталды. «Мектепте біркелкі киім үлгісі қандай, білім беру жүйесі бойынша ерекшеліктер бар ма?» деген сауалдарымыз жауапсыз қалды. Мектеп басшысы ақпарат беруге уақыты жоқ екенін кесіп айтты. Айта кетсек, қалада орамалды оқушылар барып жүрген білім ордасы мемлекеттік тапсырыс алып отыр.

/kaz.nur.kz

 

[:]