[:kz]
Ақтөбеде ұры науқас баланың еміне жиналған қаражатты қолды қылды.
Бұл жағдай супермаркеттердің бірінде болды. Ұрлық бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Алайда ұрының бет-жүзін тану мүмкін емес.
Супермаркеттегілердің ешқайсысы бұл оқиғаға назар аудармаған. Тіпті камера бақылаушы мен күзетші де білмеді. Ұры алдын ала ыңғайланған соң ешкім байқамай тұрған уақытта боксты алып үлгерді. Онда қанша ақша болғаны белгісіз.
[:]