АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Ақтөбеде тәрбиеші баланы сүлгімен ұрып-соққан (ВИДЕО)

[:kz]

Мекемеде балаларға ешқандай жағдай жасалмаған, балалар еденде жатыр

Полиция департаменті Ақтөбеде «Чайка» сүйек-туберкулезi балалар шипажайында болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Осыған дейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тәрбиешінің баланы сүлгімен ұрып жатқаны түсірілген видео тараған еді.

«Баланы сауықтыру лагеріне жібердік. Кейін ол жылай бастады, үйге қайтқысы келген. Онда балаларды ұрып-соғатынын айтты. Шынымызды айтсақ, біз оған сенген жоқпыз. Бірақ видеоны жібергенде шошып кеттік. Мекемеде балаларға ешқандай жағдай жасалмаған, балалар еденде жатыр. Құзырлы органдардан қажетті шаралар қабылдауды сұраймын», — дейді ата-аналардың бірі.

Полиция департаментінің мәліметінше, осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі бойынша («Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау») сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

«Материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді. Оқыс оқиға 1 наурызда балалар бөлмесінде орын алған. Балаларды екі тәрбиеші мультфильм көруге алып келген. Бүлдіршінді ұрған тәрбиешіге қоса, бұл жағдайда бейтараптылық танытқан қызметкер де жұмыстан қуылады. Аталған орталықтың қызметі толығымен тексерілетін болады», — деп мәлімдеді Ақтөбе облысының әкімдік қызметкерлері мәлімдегенін Stan.kz жазды.

[:]