АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:ru]Ақтөбелік әйел ниқабтағы «сестралардың» ұрлығы туралы жайып салды[:]

[:ru]

Ақтөбелік әйел ниқабтағы "сестралардың" ұрлығы туралы жайып салды  Ақтөбелік келіншек ұрлап алған заттарын адал жолмен тапқан олжа деп түсінгенін айтады. Себебі ол намаз оқымайтын «дінсіздердің» заттарын рұқсатсыз алуды «халал» деп сенген деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

«Қазір сол әрекеттерім үшін қатты ұяламын. Талай «сестралардың» сұғанақтығын көзіммен көрдім.

 

Бір рет мен қолыма қолғап сатып алдым. Ол кезде ниқабпен жүремін. Сыртқа шыққанда қасымдағы «сестра» тап менікіндей қолғапты қалтасынан шығарды.

«Ана дінсізден сен ақша беріп алдың, ал мен тегін алдым. Намазда жоқ адамдардан үнемі тегін алып кетемін. Олардың обалы жоқ» деп айтатын.

Әрине, бұл дұрыс емес. Әркімнің адал тауып отырған наны. Өкінішке орай, әлі күнге осындай әрекет жасайтын намазхандар бар»,-дейді ол.

Кейіпкеріміз бүгінде қара түсті ниқабын шешкен. Қазір ашық түсті киімдер киеді.

Жергілікті теологтардың көмегімен дәстүрлі дінге өткен келіншекті ниқабтағы құрбылары әлі мазалап жүр.

«Бұрынғы «сестралар» хабарласып, ескерту жасайтын кездер болады. «Сен дінсіздерге көп жақындап кеттің. Бетіңді бүрке, иманың күшейеді. Ашық түсті киімдерге құмар болма» деп жатады. 

Маған керісінше, осы күнім ұнайды. Қасымда достарым, туыстарым бар. 

Қиын кезде ағайыннан артық ешкім қол ұшын созбайды екен. Оны басымызға іс түскенде көрдік. «Сестралар» тек өздеріне қажет кезде пайдаланады.

Ниқабпен жүрген кезде қоғамнан алыстап, бір адамның құлы секілді өмір сүрдім. Енді олай жасағым келмейді», — дейді Жадыра есімді келіншек.

https://kaz.nur.kz/1804278-aktbelik-jel-nikabtagy-sestralardy-rlygy-turaly-zajyp-saldy.html

[:]