АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Ақымақ қазақ жігіттері үшін…» Хабибтің аяғының астында жорғалау қазақ қыздарын бүлдіреді» — журналист[:]

[:kz]

 

Хабибың мықты екен, жігіттерімізді аяғының астында жорғалатқан. Қой, мынадай қаны қызып тұрған жігітті тауып алайын» деген ой туады.

Көпке танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Хабиб Нурмагамедовты құрметтеп, алдында құрдай жорғалаған қазақ жігіттерін «ақымақ» деп жазба жариялады. 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Журналист желідегі парақшасында мынадай жазба қалдырды:

Кешегі Хабиб туралы жазбама кейбіреулер өздерінше бұлқан-талқан болады. Намысшылдарының өздерінің.

Жазсам, сен ақымақ қазақ жігіттері үшін жазып отырмын(ақылды ер-азаматтарға қатысы жоқ). Бағаласын сендейлерді деп.

Хабиб Нурмагамедов — маған да ұнайды. Мен де мақтай аламын(сендер секілді аяғының астында жорғалап жүгірмесем де).

Енді бері қараңдар!

Хабибты сендер осылай құрметтеп жатсыңдар, иә? Осыны мыңдаған қазақ қыздары көруде. Оларда сезім деген оянады. Қыздар сезімге тез бой алады. Содан кейін «ой, біздің жігіттер әшейін-ақ екен ғой. Мына Хабибың мықты екен, жігіттерімізді аяғының астында жорғалатқан. Қой, мынадай қаны қызып тұрған жігітті тауып алайын» деген ой туады. Ертеңгі күні қазақ қыздары кавказдық жігіттерге жаппай тұрмысқа шығып кетсе, кімдер атойлап шығатын?!

Мына сендер!

Осыдан мен тұрмысқа шығайыншы Хабиб секілді жігітке, осында отырған сендер бірінші болып менің ту-талақайымды шығарасыңдар.

Хабибты құрметтедіңдер. Дұрыс-ақ. Ал өзіміздің Қанат Ислам мен басқаларды дәл осылай жерге табанын тигізбей ұшақтан күтіп алдыңдар ма? Жоқ!

Міне, осыған намыстанамын да.

Менің сөзіме шамдансаңдар, қазақ спортшыларының аяғынан шалмай, кедергі келтірмей, демеп жіберіңдер! Сол кезде өз Мұстафа Өзтүріктеріміз бен Қажымұқан аталарымыз қайта өмірге келеді (бір кездері осы кісілерді өзге ұлт дәл кешегі Хабибтың алдында жорғалағандай жорғалаған).

Хабибке табынғанша, Хабибтерді ортадан шығарып дайындаңдар! Сол кезде сендерден керемет жан болмайды. Ал қазір сендердің істерің адам аярлықтай.

Естеріңізге сала кетейік, журналист бұдан алдын:

«Ұят-ай…

Бүкіл қазақ жігіттері кешеден бері Хабибты Пайғамбарын күткендей күтіпті ғой, ұшақтан жерге табанын тигізбей.

Жігіттер!

Не болды сонша?!

Фанатизм әйтеуір сендерге қатты жабысады екен де.

Дінмен де тез ауырасыңдар. Біреуің жүрсіңдер сақалдарыңды өсіріп, балақтарыңды кесіп (салафитке айналып), енді екіншілерің жүрсіңдер зікірлеріңді салып селкілдеп (суфизммен есеңгіреп).

Енді мынау немене?!

Намыстанамын да…

Өзімізден бір Хабибты шығара алмай отырғанымызға…

Небір арамызда жүр ғой Хабибтар.

Бірақ ол қазақтың Алпамыстарының артынан демеп жіберетін әкесі жоқ та Хабибтікіндей… Сондайда «әттеген-ай» дейсің де…

Хабибке табынғанша — спортпен айналысыңдар!

Уот, сол кезде Хабиб секілділер сені суретке түсуге зар етпейді!

PS: томардай еркектер Хабибтың артынан жүгіріп жүргені несі жас балаша» деп жаған болатын. 

[:]