[:kz]
Отандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжан желіде қымбат мейрамханалардың бірінде ыдысты сындырып жатқан видеосын бөлісіп, елдің ашуына тиді. Қалың көпшілікке ақпарат өкілінің әрекеті мүлдем ұнамай қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. Динара Сәтжан қызу талқыға қалған бейнежазбасын Instagram парақшасында жариялап қойған. Онда тележүргізуші құрбысы және балаларымен бірге ыдысты бірінен соң бірі лақтырып жатқаны көрініс тапты.
Алайда, ақпарат өкілі өз қылығын бірден түсіндіруге тырысқан.
Оның сөзінше, ыдысты сындыру — гректердің бұрыннан келе жатқан салттарының бірі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Грекиялықтар ыдысты неге шағады? Олар бұл әрекетімен мерекелік шарадан жындарды қуады екен. Көз тимесін деген ниетпен жасайды. Ал біз ыдысты сәттілік үшін шақтық», — деп жазды Динара.
Алайда, желі қолданушылары бәрібір де оған деген өз наразылығын білдіріп, аяусыз сынап жатты. «Құтырғандар, даңғазалық, мақтаншақтық аздырар адам баласын», «Ақымақтық. Жаратышуға дұға тілесеңдер де жеткілікті», «Имандылық жоқ», «Ысырап, Динара сіздің қызыңыз қорқып тұр», «Еліктегіштер есі кеткен», «Сөзім жоқ, бұл барып тұрған ақымақтық қой», «Неге басқа елдің дәстүрін жасап балалардың миын улайсыңдар? Біздің елде мұндайды ысырапшылдық деп атайды», — деп жазуда көпшілік.
[:]