АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ақырзаман келе жатыр: адамзаттың 1000 жылдық өмірі қалды – Стивен Хокинг[:]

[:kz]

photo_200200Ақырзаман келе жатыр: адамзаттың 1000 жылдық өмірі қалды – Стивен Хокинг Ағылшынның атақты ғалымы Стивен Хокинг ақырзаманның қашан болатынын болжап берді, деп жазады Lenta.ru The Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

74 жастағы физиктің есебінше, адамзаттың Жерде енді 1 мың жылдан аспайтын-ақ өмірі қалды.

Оның сөзінше, ақырзаман – ядролық соғыс, жасанды интеллект немесе генетикалық вирустан болады екен.

Ғалым адамзатты алыс ғарыш сапарларына шығара алатын технологияларды тезірек тауып, Жерден қашып кетуге шақырады.

Хокингтің пікірінше, соңғы 50 жылдың ішінде ғылым үлкен жетістіктерге жетті, ал адамзат Жаһанның жаратылысын түсіне бастады.

pic_4a0bb8bccbc37cec3c2afbcf2198bf51
Стивен Хокинг. Фото: Bryan Bedder / Breakthrough Prize Foundation / Getty Images
[:]