АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ақырзаман және адам – оның орнауына алып келетін жағдайлар қандай?[:]

[:kz]

News Week басылымы: «The Global Challenges Foundation қоры — адамзат бетпе-бет келіп отырған жаһандық проблемаларды азайтуға талпынып жүрген ұйым. Олар жақында жарияланған жыл сайынғы есебінде биыл адамзаттың қалай жойылуы мүмкін екенін айтып, ақырзаманның қалай орнауы мүмкін екеніне болжам жасапты. Баяндамаға дайындық барысында мамандар ғылыми мақалаларды бағалап, ғалымдармен ақылдасқан көрінеді. Кембридждің экзинстенциалды қауіп орталығының негізін қалаушылардың бірі Мартин Рис өз баяндамасында: «Адамзат әуе апаты секілді жағдайларға алаңдағанымен, көпшілігі жылдам дамып жатқан жаңа технологиялардың кемшіліктері мен экологиялық проблемаларға бас қатыра бермейді. Менің сөздерім көпшілікті таңғалдыруы мүмкін. Дегенмен, бұл жағдайлардың салдары жер жаһанға тарайды»,— деп хабарлапты. Рис айтқан әлгі ақырзаманға әкелетін жағдайлар қандай, енді соларға тоқталсақ.

  1. Ядролық соғыс. Сарапшылардың айтуынша, қазір ядролық соғыстың шығу қаупі жоғары. Ядролық қару 1-4 шақырым жердегі тіршіліктің 80-90 пайызын жойып жібере алады. АҚШ пен Ресейде жеті мың оқтұмсық бар және бұл екі мемлекет ядролық арсеналы ең көп елдер саналады. Сонымен қатар АҚШ, Франция, Қытай, Үндістан, Солтүстік Корея мен Израиль ядролық қарудың белгілі бір түрлерін ұстайтынын растаған. Ядролық қару радиоактивті аурулар қаупін туғызып, адамдар мен қалаларды жойып қана қоймай, кішігірім мұз дәуірін орната алады.
  2. Биологиялық және химиялық соғыс. Биологиялық және химиялық қарудың дайындалуы арзан тұрады. Ал генді инженерия мен синтетикалық биология саласындағы жетістіктер микроағзаларды қауіпті ететіндей оп-оңай өзгерте алады. «Егер ондай кішкентай ғана тірі ағзалар бақыланатын зертханалардан шығатын болса, бұл жағдай өте үлкен масштабтағы адам айтқысыз пандемияға әкеледі», — делінген әлгі баяндамада.
  3. Климаттың апатты өзгерісі. 2015 жылы екі жүзден астам мемлекет Париж келісіміне қол қойған еді. Онда бұл мемлекеттер жаһандық температураны қалыпты ұстап тұру үшін қажетті шараларды атқаруға келіскен-ді. Дегенмен жаһандық температураның арту қаупі әлі де бәсеңдеген жоқ. Температураның қазіргі өсу жылдамдығы сақталса, Нью-Йорк, Мумбаи, Шанхай суға кетіп, теңіз деңгейінен сәл ғана жоғары жерде тұратын миллиардтаған адам жаңа үй іздеуге мәжбүр болады.
  4. Экологиялық коллапс. Адамдар әлеуметтік және экономикалық деңгейін сақтап қалу үшін экожүйелерге арқа сүйейді. Дегенмен экожүйелер адамзаттың ықпалына тәуелді болғандықтан, ластану көрсеткіші мен адамдар тұрып жатқан жерлердегі табиғи өзгерістер экожүйеге қауіп төндіреді. Бұл өз кезегінде адамзатқа қауіпті. «Экожүйе бұзылатын болса, таза су дефицитке айналып, топырақтың сапасы нашарлайды. Бұл адамдардың күнделікті тіршілігінің де деңгейін анағұрлым төмендетеді»,— дейді баяндама авторлары.
  5. 5. Астероид соққысы. Адамдардың планетаға бейберекет қарауы адамзатқа төніп тұрған жалғыз қауіп емес. Тіпті, динозаврлардың астероид соққысынан қырылғаны шындыққа жанасады. Ал мамандардың айтуынша, мұндай апат орташа есеппен әр 120 000 жыл сайын болып тұрады. Сарапшылар: «Атмосферадағы астероид қалдықтары бірнеше айға Күнге зақым тигізуі мүмкін, Бұл өз кезегінде экожүйені бұзып, апатты жағдайда жүздеген миллион адам қырылуы мүмкін. НАСА көлемі бір шақырымнан асатын нысандардың тоқсан пайызы Жер орбитасында екенін айтқанымен, бізге 140 метрден 1 шақырымға дейін жететін астероидтердің тек отыз пайызы ғана белгілі»,— деп мойындап отыр.
  6. 6. Пандемия. Медициналық жетістіктердің арқасында инфекциялық аурулардың тарауынан туатын эпидемиялар, яғни, пандемия деңгейі соңғы жүзжылдықта азайды. Дегенмен, жаңа ауру түрлері пайда болуы мүмкіндігінен, апатты пандемия қаупі әлі де бар деуге тура келеді.
  7. 7. Жанартаудың күшті атқылауы. Жанартаудың зор қуатпен атқылауы шамамен 400 текше шақырым аумақты алады. Мұндай жағдайлар туралы деректер өте аз. Мамандар жанартаудың мұндай суператқылауы әр 17 мың жылда бір қайталанып тұрады дейді. Оның соңғысы 26 500 жыл бұрын Жаңа Зеландия жерінде болса керек. Мұндай апат адамдар мен жануарларды өлтіріп, ауылшаруашылық инфрақұрылымдарын жояды.
  8. 8. Күн геоинженериясы. Ауаға шыққан аэрозоль күн сәулесі мен жылуды ғарышқа кері қайтарады. Ғалымдар бұл әдіс арқылы жаһандық жылынуды азайтуға тырыспақ. Бірақ егер бір қадам дұрыс жасалмаса, адамзатқа төнетін қауіп үлкен. «Бұл жергілікті және жаһандық климатты, жаһандық экожүйе элементтерін тұрақсыздандырады. Күн геоинженериясының күрт тоқтатылуы керісінше жаһандық температураны жылдам арттыруы мүмкін. Бұл жағдайда тірі ағзалар оған тез бейімделе алмай қалады»,— деп жазылған баяндамада.
  9. 9. Жасанды интеллект. Баяндама авторлары адам интеллектісінен де асып түсетін роботтарға ерекше алаңдаушылық білдірген. Бұл салада да жіберілген кішкентай ғана қателік адамзатты технология алдында дәрменсіз етуі әбден мүмкін. Сонымен қатар, мамандар, жасанды интеллект алдағы уақытта өте күшті қаруға айналуы қаупі де жоқ емес екенін де алға тартады.

Қалай десек те, жаһандық тепе-теңдіктің сақталуы табиғат перзенті — адамзаттың өз қолында екенін ескерсек, жер патшасы саналатын саналы адамның өзі отырған бұтақты кеспеуге ақыл-есі жетер деген үкілі үміт бар. Тек сол үміт алдамасын деп тілейік.

kazakhstanzaman.kz

[:]